Маңғыстау облысының аумағы ұлғаяды

Маңғыстау облысының шекарасы 722 мың гектарға ұлғаяды. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір Маңғыстау облысының шекаралары келесідей болып белгіленген:

  • солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қазіргі шекаралары арқылы;
  • солтүстік-шығыс шекарасы Ақтөбе облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қазіргі шекаралары арқылы;
  • оңтүстік шекарасы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы арқылы;
  • оңтүстік-шығыс шекарасы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы;
  • батыс шекарасы Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеп шығаруға арналған бастапқы сызық бойымен өтеді.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілікаумақтық құрылысы туралы» ҚР заңының 10-бабына сәйкес 2023 жылғы 28 желтоқсанда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Маңғыстау облысы шекарасының өзгертілуіне қатысты қаулы қабылдады.

Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеп шығаруға арналған бастапқы сызықтар арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жерді облыс аумағына қосу арқылы Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілсін. Маңғыстау облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын, - делінген құжатта.

Айта кетейік, қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы