Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Иран халқына көңіл айтып, қолдау білдірді
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аймақ басшысы тікұшақ апатында көз жұмған Иран президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің қазасына байланысты Иран халқына көңіл айтып, қолдау білдірді.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды үлкен өкінішпен қабылдадым. Ибрахим Раиси саналы ғұмырын Отанға адал қызмет етуге арнаған елінің адал перзенті болды. Барша маңғыстаулықтардың атынан және жеке өз атымнан Иран халқына көңіл айтамын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Синоптиктер 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Келесі жаңалық
Cиноптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы