Маңғыстау облысындағы бір ауылда атыс болды: ер адам жарақат алған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні атыс оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде ер адамға резеңке оқ атылған. Оқ қолына тиіп, саусағын жарақаттаған. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді, өміріне қауіп жоқ.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде тыйым салынған дәрі-дәрмектер, сондай-ақ сойылдар мен пышақтар тәркіленді. Барлық заттар іс материалдарына тіркелді.

Алдын ала болжам бойынша, жанжалдың туындауына қарыз мәселесі себеп болған. Тергеу жалғасуда. Күдіктілер бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы