17 Шілде 2025 2025, 23:56 Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Маңғыстау облысындағы Жетібай кенті маңында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты.

Маңғыстау облысындағы Жетібай кенті маңында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, оқиға бүгін, 17 шілде күні сағат 17:30 шамасында орын алған.

Toyota Camry көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 1981 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - делінген ПД хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.