7 Қараша 2026, 23:28
Фото: istockphoto.com
Маңғыстау облысында жол апатынан 58 жастағы әйел қаза тапты
Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 58 жастағы әйел көз жұмды. Тағы бір зардап шеккен 69 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға 6 қараша күні кешке болған, деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облыстық жедел медициналық және шұғыл көмек қызметінің мәліметінше, жол апаты туралы хабарлама сағат 21:31-де түскен. Оқиға Мал базары мен «Химик» саяжай алабы маңында болған.
Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 58 жастағы әйелдің жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын анықтады. Ал 69 жастағы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Құзырлы органдардың ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.