24 Наурыз 2024 2024, 15:32

Маңғыстау облысында жоғалған үш бала табылды

Маңғыстау облысында 23 наурызда жоғалған үш бала табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысында 23 наурызда жоғалған үш бала табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйге оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ұлдар 2012, 2014 және 2018 жылы туған, - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 адамы және 3 техника жұмылдырылды.

24 наурыз сағат 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағындағы шаруашылық құрылысынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады.