Маңғыстау облысында жем-шөп сатып алуға 5,3 млрд теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында қысқы мал азығын дайындауға 5,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша 5,3 млрд теңге бөлінді, оның 1,9 млрд теңгесі шөп сатып алуға, ал қалған 3,4 млрд теңге жем сатып алуға бағытталады. Осылайша, облыста қыс мезгіліне арналған жем-шөп қорын қалыптастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар әр ауданда операторлар анықталды, республиканың басқа аймақтарынан шөп тасуға дайындық жүріп жатыр, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Премьер-министр Асқар Мамин жақында Маңғыстау облысына жасаған сапарында шаруа қожалықтарына шөпті қолжетімді бағамен сатып алуға және жеткізуге қосымша қаражат бөлінетінін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио-2020: Қазақстандық балуанды аяқтан шалған төреші жазаланды
Өзгелердің жаңалығы