Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды

Маңғыстау облысының Кендірлі ауылында ауыл тұрғындары үшін көптен күткен жаңа амбулатория ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Біз денсаулық сақтауды дамыту мақсатында салынған және заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға зор үлес қосады деп сенеміз, - деді Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейт Қайнарбаев.

Амбулаторияның жалпы ауданы 5100 шаршы метрді құрайды, бір ауысымда 50 адам қабылдай алады. Медициналық мекемеде диспансерлеу, профилактикалық қарап-тексерулер мен ерте диагностика бойынша қызметтер көрсетілетін болады.

Лентаны кесу рәсіміне Кендірлі ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожабай Есімов және ардагер дәрігер Құдайберген Жалымбетов қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы