Маңғыстау облысында заманауи үлгідегі демалыс орны ашылады
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстаулықтар көптен күткен қуанышты хабармен аудан әкімі Айбек Қосуақов бөлісті. Биыл Түпқараған ауданының Аташ ауылында заманауи үлгідегі демалыс орны ашылады.
Айбек Тұрарұлының айтуынша, осы жазда іске қосылуы жоспарланған демалыс орнының кіреберісінде көрнекті қақпа болады. Жаз айлары Каспий теңізіне шомылып, күнге қыздырынуға келетін көпшілік үшін шатырлы орындықтар, үлкен спорт алаңы, балаларға арналған ойын алаңқайлары мен автотұрақ та салынып жатыр.
Келушілер назары бірден түсетін орынға зәулім «Балықшылар» ескерткішін орнату жоспарланған. Жергілікті мүсінші шебердің қолынан шыққан қолөнер туындысының тұғырымен қоса алғандағы биіктігі 6 метрге жуықтайды.
Өзіңізге мәлім, Түпқараған ауданының Баутино, Аташ елді мекендерінде халық бұрыннан балық аулаумен шұғылданған. Осы жұмысымен отбасын асырап, табыс тапқан. Сол себепті жаңадан бой көтеріп жатқан демалыс орнында ескерткіш қоюды жөн көріп отырмыз. Бұл біздің өткен тарихымызда елеулі еңбек сіңірген ардагер ата-әкелерімізге деген зор құрметтің белгісі іспеттес. Өскелең ұрпақтың жадында үнемі жаңғырып тұруы үшін бұл мүсіннің алар орны мен атқарар рөлі ерекше, - дейді Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алексей Цой: «Батырлар өз ортамызда» энциклопедиясы – бұл біздің дәрігерлерге көрсете алған аз ғана құрметіміз
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы