Бүгiн 2026, 19:09
Фото: istockphoto.com
Маңғыстау облысында тез тамақтану орны өртеніп кетті
Мұнайлы ауданында дәмхана өртенді.
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында сауда орталығының жанында орналасқан тез тамақтану орнынан өрт шықты.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 30 маусым күні сағат 11:10-да Маңғыстау ауылының «Ақеспе» тұрғын үй массивінде орналасқан «Рахат» сауда орталығына жапсарлас салынған «Sim Sim Fast Food» дәмханасынан шыққан.
Өрт аумағы шамамен 40 шаршы метрді құрайтын дәмхана ғимаратын толықтай шарпыған.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Сағат 11:35-те өрт толығымен сөндірілген.