Маңғыстау облысында тапсырмаларды орындамағандар жауапқа тартылды

Маңғыстау облысында берілген тапсырмаларды орындамаған жауапты адамдар тәртіптік жазаға тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында өз міндетін тиісті деңгейде орындамаған жауапты тұлғаларға тәртіптік жауапкершілік қарау ұсынылды.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Мәлік Әбдіқадыровтың мәлімдеуінше, 2024 жылдың мамыр, маусым және шілде айларында облыс әкімінің басшылығымен өткен аппараттық жиында 80-ге жуық хаттамалық тапсырма берілді. Алайда, халық игілігі үшін жасалуы тиіс жұмыстардың басым бөлігі кешігіп жатыр.

Аппарат басшысы тапсырмаларды уақыты және сапалы орындамаған ауда, қала әкімдерінің орынбасарларына және бірқатар басқарма басшысына тәртіптік жаза беруді ұсынды.

Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобаларды кешіктірген және мүлдем орындамаған жауапты тұлғаларға шара қолданылатынын, қажет болған жағдайда жұмыстан босатылатынын ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы