Маңғыстау облысында "Шопандар тойы" өтті
Маңғыстау облысында "Шопандар тойы" өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Оған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қылыбай, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, сала ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры Хасым Итқұсов шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, облыс мал шаруашылығында ерекше орын алатын ат шаруашылығын, түйе шаруашылығын және қой шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан сала ардагерлері мен облыс ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері "Еңбек ардагері", "Ауыл шаруашылығының үздігі" төс белгілерімен және "Құрмет" грамоталарымен марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы