Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан жол учаскесі жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында жол учаскесі жабылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты жол бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылды. Айтап айтқанда: «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге болмайды. Бұл Шетпе-Жетібай учаскесі. Шектеу 02.03.2022 сағ.13.30 бастап (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен) енгізілді. Штаттан тыс жағдай туындаса ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі 1403, - делінген ақпаратта. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы