Маңғыстау облысында құдық қазу ісіне мемлекеттік қолдау артып келеді
Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында құдық қазу ісіне мемлекеттік қолдау артып келеді. Соңғы үш жылда 47 құдық қазуға 238 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
2022 жылы – 21 құдыққа 119,7 млн теңге, 2023 жылы – 22 құдыққа 129,3 млн теңге, ал 2024 жылы 1 құдыққа 3,5 млн теңге қаржы бағытталды. Осылайша үш жыл ішінде 47 құдыққа барлығы 238 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр.
Биылдан бастап «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету» жобасы аясында құдық қазуға кеткен шығынның 80%-ы субсидияланатын болады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 50% деңгейінде еді.
Облыс аумағында иесіз қалған 546 құдықтың 503-і аудан әкімдік қарамағына берілді. Қалған 43 құдықты заңдастыру үшін жергілікті бюджеттен 6,9 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.
Мамандардың айтуынша, Маңғыстау үшін құдық – тек су көзі ғана емес, аймақтағы тіршіліктің басты арқауы. Жерасты суын игеру өңірдің ауыл шаруашылығын дамытудағы негізгі міндеттердің бірі болып қала бермек.