7 Шілде 2024 2024, 22:49 Фото: видеодан кадр

Маңғыстау облысында қайықтағы адамдар құтқарылды

Маңғыстау облысында қайықтағы адамдар құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында қайықтағы адамдар құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, Ақтау қаласында ТЖМ қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауынан 2 шақырым қашықтықта 20-25 жас аралығындағы 3 ер адамды құтқарып, жағалауға жеткізген.

Олар жүзу құралының қозғалтқышының ақаулығынан қайтып келе алмады. Медициналық көмек қажет болмады, - делінген ведомствоның ақпаратында.

ТЖМ еске салады:

  • құтқару кеудешесін киіңіз;
  • жүзу құралын ішімдік ішкен күйінде басқармаңыз;
  • балаларды бір минутқа да көзден шығармаңыз.