Маңғыстау облысында полицейді боқтаған әйел сотталды

Бейнеу ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс аудандық сотта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел мас болып өз үйінің ауласында өзін дұрыс ұстамағаны анықталды. Мұндай әрекетті көрген көршілері полицейлерді шақырған. Тәртіп сақшылары келгенде, ол олардың талаптарын елемей, біреуіне дөрекі сөз айтып, балағаттаған. ОСы әрекеті үшін оған хаттама ресімделді.

Қазіргі кезде сот өтті. Әйел Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі бойынша (өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілін қорлау) кінәлі деп танылды. Оған 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы