Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты
7 қыркүйекте "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің оқу-жаттығу жиыны кезінде қайғылы оқиға болды – 19 жастағы сарбаз жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші гвардия лейтенанты Досов Дамир Нұрланұлы ПМ 9 мм тапаншасынан рұқсатсыз оқ атып, гвардия сарбазы, қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың (1-2024 жылғы шақырылым) бетіне тиген.
Жәбірленуші ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "өлім қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан болған.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы