Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары бұзылған
Маңғыстауда прокуратураның араласуынан кейін ерекше қажеттіліктері бар адамдар тегін қызметтерге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайты жазды.
Маңғыстау облысының прокуратурасымен мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерді алу кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.
Талдау барысында мүмкіндігі шектеулі 3 258 адамды оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қолданбау фактілері анықталды (оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер – 525, екінші – 849, үшінші – 1322, мүгедек балалар – 562).
Енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен көрсетілген кемшіліктер жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мүмкіндігі шектеулі адамның конституциялық құқықтары қорғалды. Атап айтқанда, қазір мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектерге арналған оңалту орталығына баруға, санаторий-курорттық ем алуға, сондай-ақ жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне басқа да мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерге мүмкіндігі бар, - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.