31 Қаңтар 2026, 21:52
Фото: freepik
Маңғыстау облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Маңғыстау облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 31 қаңтар сағат 22:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632–718 шақырым аралығында (Шетпе – Жетібай елді мекендері аралығы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша шектеледі, - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол қозғалысын 2026 жылғы 1 ақпан сағат 11:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерден жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.