Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті дамытуға гранттар берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылға арналған бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» жобасымен 140 адам оқып, 85 адам грант алды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Бейнеу аудандық филиалының директоры Роллан Ережепов мәлім етті.

Жыл сайын ауданда кәсіпкерлер саны артып келеді. Оның ішінде жастардың қатары көбейіп отыр. «Бастау бизнес» жобасымен оқыған 140 адамның 85-і қайтарымсыз грантқа ие болды. Нақтырақ айтқанда 5 адам 530 200 теңге, 80 адам 555 600 теңге қаражат алды. 46 жоба инвентариялық бағытта, 10 жоба технологиялық бағытта және 29 жоба мал шаруашылығын дамыту бағытында болып отыр, - деді Роллан Ережепов.

Айта кетейік, «Бастау бизнес» жобасының негізгі мақсаты ауылдық елді-мекендерде, аудан орталықтарында тұратын, ең бастысы жұмыспен қамту орталығында тіркелген немесе тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлерге қолдау көрсету.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы