Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының бөлімдері мен бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, оларды шартты дағдарыс ауданына жеткізу ұйымдастырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығуға Әуе қорғаныс күштері мен Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері жұмылдырылған. Оқу-жауынгерлік тапсырмалар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен қоса жүзеге асырылады. Оқу-жаттығуда Қарулы Күштерден 1500-нан астам әскери қызметші, кемелер мен авиацияны қосқанда, екі жүзге жуық әскери техника қатысады, - делінген ақпаратта.
«Қалқан-2021» 2021 жылдың 17 сәуіріне дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында 35 мыңға жуық адам екпе салдырды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы