Маңғыстау облысында газ ұңғымасындағы апат жойылды

Апатты жағдайды жою үшін оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары және "Ақберен", "Оңтүстік мұнай сервис", Nobilis Corp және Varro Operating Group компанияларының мамандары тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, онда апатты жою бойынша жұмыс жоспары жасалды. Ауаны газ аналитикалық аппаратурамен өлшей отырып, ұңғыма сағасының жай-күйі зерттелді. 

Келген қызметкерлер мен мамандар құбыр кеңістігі арқылы ұңғыманы жабу жұмыстарын жүргізді. Крест превенторын бөлшектеп, ағып кетуді болдырмау және тығыздауды қамтамасыз ету үшін ұңғыманың кіреберісіне жаңа қорғаныс элементін орнатты.

Сондай-ақ ұңғымадан 60 м қашықтықта өрт шыққан жағдайда су жинау үшін траншеяны қазу жұмыстары жүргізілді. 

Зардап шеккендер жоқ. Апаттың себебі анықталуда. Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында "Толқын" кен орнында, №57 ұңғымада құбыр кеңістігі арқылы газ-су қоспасының шуғуы пайда болды. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы