Маңғыстау облысында есептегі сотталғандар тұрақты жұмысқа жолдама алды

Маңғыстау облысында пробация қызметі мен Мансап орталығының бірлесіп, жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге бес жұмыс беруші қатысып, жергілікті тұрғындар мен пробация есебінде тұрған тұлғаларға арналған кең ауқымды бос жұмыс орындарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл күні жұмыс берушілер өндірістік шебін, өндірістік желі операторлары, слесарь, қойма қызметкерлері және жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету мамандары сынды бірқатар лауазыммен таныстырды. Әрбір жұмыс беруші өз компаниясының ерекшеліктері мен талаптарын қызық презентациялармен жеткізді. Жәрмеңкеде қатысушыларға сұрақ қою мүмкіндігі беріліп, жұмысқа орналасу жөнінде бағалы кеңестер алынды. 

Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнап, қазіргі еңбек нарығының талаптары тереңірек түсінілді. 

Шараның нәтижесінде есепте тұрған азаматтардың бірі шебін өндірісімен айналысатын “Казына Маңғыстау” ЖШС-ға, екіншісі цемент өндірісімен танымал “Каспийцемент” ЖШС-ға жұмысқа жолдама алды. Бұл жетістіктер әлеуметтік бейімделу бағытындағы бастамалардың қаншалықты нәтижелі екенін айқын көрсетті. 

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі есепте тұрған азаматтарына Мансап орталығы арқылы қолдау көрсетіп, бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Жұмысқа орналастыру шаралары әлеуметтік бейімделуді жақсартып, өмір деңгейін арттырады, сонымен қатар қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы