Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап тастаған

Әлеуметтік желіде ер адамның әйелін пышақтап тастағаны туралы видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға Маңғышлақ ауылындағы Рахат супермаркетінің қасында болған.

Бейнежазбадан ер адамның әл-дәрмені жоқ әйелді тепкінің астына алғаны да байқалады.

Желі қолданушылары оқиға болған жердегі адамдардың көмек қолын созбағанына наразылығын білдірген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам дереу ұсталып, қамауға алынған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы