Маңғыстау облысында Дүниежүзілік қан доноры күні аталып өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күні медициналық мекемеге тұрақты қан донорлары келді. Құрметті донорларды марапаттау рәсімі өткізіліп, флешмоб, викторина және қан орталығынан естелік сыйлықтар табысталды. Осылайша, "Қан донорлығы -ынтымақтастық негізі. Донор болыңыз және адам өмірін сақтауға үлес қосыңыз" акциясы қолдау тапты. 

Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күні аталып өтіледі. Осы күні біз адам өмірін сақтап қалу үшін қажет қанды өз еркімен және тегін тапсырған адамдарға алғысымызды білдіреміз, қан мен қан препараттарының сапасын, қауіпсіздігін және оларға мұқтаж науқастар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрақты қан тапсыру қажеттілігі өзектілігін  жоғалтпайды , - деді облыстық қан орталығының директоры Рафаэль Сарсамалиев.

Қан мен қан өнімдерін құю жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады. Бұл өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан зардап шегетін науқастардың өмірін ұзартуға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. Қан мен қан өнімдерін құю күрделі медициналық және хирургиялық процедуралар үшін өте маңызды. Ол сондай-ақ ана мен бала денсаулығын сақтауда, техногендік және табиғи апаттар кезінде зардап шеккендерге шұғыл әрекет ету үшін де маңызды рөл атқарады.

Науқастардың қауіпсіз қан мен қан өнімдерімен қол жеткізуін қамтамасыз ететін қан орталығы денсаулық сақтаудың тиімді жүйелерінің негізгі құрамдас бөлігі болып қала береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы