Маңғыстау облысында бірнеше ұжым вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысы індетпен күрес шараларын жалғастыруда. Бірнеше еңбек ұжымы вакцина салдырып, басқаларды да екпе алуға шақырды.
Атап айтатын болсақ, Ақтау қаласындағы «Ауэс» мекемесі, «Каспий жылу, су арнасы», «Айшуақ» санаториялық бөбекжайы, Қарақия аудандық ауруханасы сынды мекемелер ұжымдық вакцинацалау жасатқан. Олардың пікірінше, жаппай вакцина ала отырып, әлемді жайлаған індеттің бетін қайтара аламыз.
Құрметті маңғыстаулықтар! Біз «Ауэс» ұжымы «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, қазіргі таңда күннен-күнге күшейіп жатқан індетке қарсы ұжымдық иммунитетімізді көтеру және отбасымыздың амандығы үшін вакцинация алдық. Арандатушылыққа берілмей, баршаңызды вакцина салдыруға шақырамыз! - деді «Ақтау электр желілері басқармасының» ұжымы бір ауыздан.
Мекеме қызметкерлері коронавирус инфекциясымен күресте жеңіп шығудың маңызды жолы – екпе алу деп есептейді. Осылайша, бала-шаға, жақын жандарымызды індеттен құтқара аламыз дейді.
Естеріңізге сала кетейік, 26 маусымнан бастап әлем бойынша еліміз «қызыл аймақта». Мамандар сырқаттанушылық деңгейін төмендетудің негізгі әдістерінің бірі – вакцинация екендігін алға тартуда. Бүгінде вакцинаның 6,3 млн дозасы пайдаланылған, оның ішінде І компонентпен 4 020 128 адам егілген, бұл тиісті халықтың 40,6%-ына тең. ІІ компонентті 2 283 761 адам алып үлгеріпті. Денсаулық сақтау саласының ведомствосы орта есеппен елімізде тәулік сайын 80-100 мыңдай адам вакцина салдыратынын хабарлаған болатын. Алдағы уақытта айына 2 млн адамды вакцинациялау жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы 92 мектептің 36-сы ғана таза қазақ тілінде білім береді – Қайырбек Кемеңгер
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы