Маңғыстау облысында бекіре аулаған ер адам сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында бекіре аулаған ер адам сотталды,  деп хабарлайды lada.kz порталы.

Мұнайлы аудандық соты жергілікті тұрғынды 7 бекіре тұқымдас балығын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. 

Қызыл кітапқа енген бекіре балығы Ақшұқыр ауылында Daewoo Damas көлігін тексеру кезінде табылған. Бұрын сотталған жергілікті тұрғын жүргізушіні такси ретінде жалдаған. Сот үкімімен күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы