Маңғыстау облысында бала сату дерегі әшкереленді

Маңғыстау облысында бала сатты деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды. Сондай-ақ тінту кезінде әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бала саудасының фактісі анықталды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 135-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы, «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша тіркелді. Сондай-ақ әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі, «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың баламасын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелген, - деп хабарлады құзырлы ведомство.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы