Маңғыстау облысында ауылдарды су басып жатыр

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылының көшелеріне су басты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомствоның мәліметінше, еріген қар суына байланысты шұғыл шаралар қабылданған.

7-9 наурызы аралығында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылында қардың күрт еруі салдарынан Толыбай көшесін су басты. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды, - дейді департамент.

Оқиға орнына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары шұғыл жетіп, су басу қаупінің алдын алу шараларын жүзеге асырды.

Жедел әрекет ету нәтижесінде Толыбай көшесіндегі тұрғын үйлерге су кіргізілмей, қауіп сейілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда, деді төтенше жағдайлар департаменті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Маңғыстау облысы тжд
Өзгелердің жаңалығы