Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарғандар жауапқа тартылды
Прокурорлар алимент төлемегені үшін облыс бойынша әкімшілік жауапкершілікке 65 жергілікті тұрғынды және 18 тұлғаны қылмыстық жауапқа тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талдау барысында 1,4 млн. теңге берешегі бола тұра, табыс көзін жасырып және алимент төлеуден бірнеше жыл бойы жалтарып жүрген «Н» есімді азамат анықталды.
Әкімшілік сотпен азамат «Н» әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, 2 тәулікке қамаққа алынды.
Сонымен қатар прокурорлармен 3 баланың әкесімен ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамай, алимент төлеуден жалтару фактісі анықталды. Көрсетілген тұлға тұрақты табыс көзінің болуына қарамастан 3,3 млн.теңге алимент берешегін төлеуден жалтарып жүрген, - деп жазды Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Қалалық сотпен «Ф» есімді азамат Қылмыстық кодексінің 139-бабымен кінәлі деп табылып, оған қатысты 100 сағат қоғамдық жұмыс және 1 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарылды.
Бұдан бөлек, алимент төлеуден жалтарып жүрген 17 тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Прокуратура бұдан бұрын бірнеше рет алимент төлемеудің құқықтық салдары туралы ескерткен және азаматтарды өздерінің ата-аналық міндеттеріне адал қарауға шақырады.
Бүгінгі таңда облыс прокуратурасымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру бағытында белсенді жұмыстар атқарылуда.