Маңғыстау облысында 51 жер учаскесі мемлекетке қайтырылды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері жалпы көлемі 101 гектардан асатын 51 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Себебі ауыл шаруашылығы мақсатында берілген алқаптар уақытында игерілмеген. Алынған жерлер мал өсіріп, ет-сүт өнімдерін шығарумен айналысқысы келетін азаматтарға беріледі. Ол үшін жер басқармасына келіп, мамандарға бизнес-жоспарын көрсетуі тиіс.

Жалпы соңғы үш жылда өңірде 400 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері уәкілетті органдармен бірлесіп, тұрақты бақылау жүргізеді. Қазір Ақтау қаласының өзінде тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Біз қаланың айналасындағы, қаланың ішіндегі қолданылмай жатқан, босқа жатқан жерлерді қайтарумен жұмыстануға құжат жинақтап жатырмыз. Бір қызығы бүгінге дейін 15 жыл, 20 жылдың үстінде белгілі бір тұлғалардың атына тіркелген жерлерді әлі күнге дейін қайтаратын ойы да жоқ. Не құрылыс салмайды. Сол себепті біз оны мемлекет меншігіне, яғни соны қайтарумен алдағы уақытта айналысамыз, - деді «AMANAT» партиясы облыстық филиалы «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Киікбай Ешманов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы