Маңғыстау облысында 147 борышкер іздеуде жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір жыл бойы іздеуде болған баласына 2 миллион 400 мың теңге қарызы бар Маңғыстау облысының тұрғыны учаскелік инспектордың көмегімен мекен жай аралау кезінде табылған деп хабарлады Сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.
Полиция бөлімшелеріне барғаннан кейін ер адам қаражат тауып, бар қарызын толығымен жапқан. Бүгінгі күні Маңғыстау облысында 147 адам іздеуде.
Алимент өндірудің жылдарға созылуының бір себебі - борышкердің қайда екендігі туралы мәліметтердің жоқтығы. жұмыс орыны мен тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда борышкер жеке сот орындауышыға хабарлауы тиіс. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға сәйкес, борышкер іздеуде болса, алимент өндіру туралы уақытша тоқтатылады, табылғаннан соң, қайта басталады.