Маңғыстау облысы шетелдік туристерді қабылдау бойынша үздік үштікке кірді

 2025 жылдың 9 айында Маңғыстау өңіріне 350 мыңнан астам турист келіп, 17,2 млрд теңгеге жуық қызмет көрсетілген.  Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артқан. Шетелдік туристерді қабылдау бойынша Маңғыстау республикада 3-орынға тұрақтады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірде 2025-2029 жылдары жалпы құны 198 млрд теңге болатын 17 туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады дейді әкім. 

Сонымен қатар биыл «Omir apartments» апартаменттері – 2 кезең,«Wyndham Garden Aktau» және «Shahristan» қонақ үй кешендері, Достар қонақ үйін қайта құрылымдау сынды 4 жоба пайдалануға берілді. Бұдан бөлек термалды сулары бар санаторий-курорттық кешені салынып жатыр және балалар демалысын дамыту мақсатында Каспий жағалауында көпфункционалды «Aqqu Resort&Camp» орталығы ашылды. Сондай-ақ Бозжыра шатқалында сапар орталығының құрылысы аяқталып, алдағы туристік маусымда іске қосылады.

Өңірде туризмді дамыту бойынша кешенді жоспар жүзеге асуда. Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдары жаңғыртылып жатыр, сондай-ақ Кендірліде жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Бұл инфрақұрылым саланы жаңа деңгейге шығарады, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Осы жылы Дубай, Нүкіс бағыттары жаңадан ашылып, 2026 жылдан бастап Қытайға (Үрімші) тікелей рейстер ашылады деп күтілуде.

Әкім 2026 жылдың 2 жартыжылдығында жалпы өткізу қабілеттілігі шамамен 1,3 млн. жолаушы қабылдайтын мүмкіндігі бар, Кендірлі әуежайының құрылысы аяқталатыны туралы айтты.

3 теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталуда, толықтай 2026 жылдың 1 жартыжылдығында қолданысқа беріледі.

Өңірде 2025-2029 жылдары құны 198 млрд.теңгені құрайтын 17 туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы