Маңғыстау бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы вице-министрі Маңғыстау облысы бойынша МКД-нің ұжымына жаңа басшысын таныстырды. 


Бүгін, 29 қырқүйекте Қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов ұжымға Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Манзоровты таныстырды.


Манзоров Серік Бағдатұлы әр жылдары Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.

Ол осы қызметке тағайындалғанға дейін 2019 жылдың мамырынан 2021 жылдың қырқүйегіне дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары болды.

Данияр Жаналинов С.Манзоровқа алға қойылған міндеттерге қол жеткізуде табыс тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы