23 Қыркүйек 2026, 18:48
Фото: https://www.instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi/
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мәлік Әбдіқадыров өз еркімен қызметінен босатылды. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Мәлік Әбдіқадыровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, болашақта сәттілік тіледі. Мәлік Әбдіқадыров қызмет атқарған кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар бағытқа жетекшілік етті, - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.