Маңғыстау облысы 2023 жылы 320 мыңнан астам турист қабылдауды жоспарлап отыр
Маңғыстау облысы 2023 жылы 320 мыңнан астам турист қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы облыс әкімі облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, Үкіметтің қолдауымен ұшақтар халықаралық және ішкі бағыттар бойынша 24 бағытта аптасына 110 әуе рейсін, оның ішінде алыс және жақын шет елдерге 16 бағытта 45 әуе рейсін жасайды. Жыл басынан бері "Ақтау халықаралық әуежайымен" тасымалданған жолаушылар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% - ға артып, 407 490 жолаушыға жетті.
2023 жылы 210 жұмыс орнын құрумен 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, жалпы құны – 100 млрд теңге. Бұл жобалардың барлығы өңір экономикасын дамыту үшін оң мультипликативті әсер етеді, - деді облыс әкімі.
Мәселен, курорттық аймақтарды дамыту аясында 2022 жылы жергілікті инвесторлар 4 жобаны іске асырған: «Нефтемаш» КЗ» «Сартас» , «Фламинго курорты» демалыс базасы , «AURA» демалыс базасы, Глампинг Teniz Village.