Маңғыстау кәсіподақтары республикалық референдумды қолдайды

Маңғыстау  облысы, BAQ.KZ тілші   Маңғыстау облыстық кәсіподақтар үйінде мұнай сервистік кәсіпорындардың жұмыс берушілері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында кездесу өтті. 

Басқосу өңірдің әлеуметтік серіктестері штабы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Мұнда мұнай сервистік кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының төрағалары қатысты. Олар ел Президентінің жүргізіп отырған қоғамды жаңғырту бағыты барлығымызға еліміздің саяси жүйесінде болып жатқан тарихи өзгерістерге қатысуға бірегей мүмкіндік деп атап өтті. Оған қоса, штаб мүшелері «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының нормаларын түсіндірді. Оның ішінде кәсіподақтардың қызметін үйлестіру. Республикалық референдум өткізу жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңа қадам сондықтан күш-жігеріміздің арқасында ғана еліміздің жарқын болашағына жол ашатынан сенім білдірді.

 МО кәсіподақтар орталығы ҚР кәсподақтар федерациясының референдум өткізу жөніндегі басатамасын, үндеуін толық қолдайды. Референдум қазақ елінің әрбір азаматына ел тағдырына қатысты мәселелерді шешуге тікелей мүмкіндік береді. Бұл жаңа Қазақстанның болшағына айтарлықтай әсер етед деген сенімдеміз,-дейді Мадина Байболатқызы МО кәсіподақтар орталығының бас маманы

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы