28 Қаңтар 2024 2024, 17:38 Фото: "МАЭК"

Маңғыстау атом-энергетика комбинатында апат болды

Жағдай ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ "МАЭК"ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жағдай ерекше бақылауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ "МАЭК"ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"МАЭК" ЖШС жылу энергетика станциясы жедел персоналы 24 қаңтарда турбоагрегат мойынтірегіндегі дірілдің ұлғаюына байланысты №1 энергоблокты түсіріп, мәжбүрлі түрде тоқтатты. Өңірдің энергия тапшылығына байланысты мұнай саласының ірі тұтынушылары шектелді, - дейді компания.

Электр станциясының мамандары ақаудың себебін анықтаған.

Жағдай ерекше бақылауға алынды. Комбинат қызметкерлері жұмысты қалпына келтіру үшін барынша күш жұмсады. Энергия блогын жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды, - дейді ведомство.

27 қаңтарда №1 энергоблок жұмысқа қосылды. Оның жүктемесі 150 МВт. Қазіргі күні Маңғыстау облысының тұтынушылары "МАЭК" ЖШС тарапынан электр және сумен қамтамасыз етіліп жатыр