«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагоны өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алған. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілген.

14 желтоқсанда сағат 04:30-да Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының аумағында орналасқан № 464 разъезд ауданында № 109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүру жолында жүк вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түскен. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 


ТЖ орнына ТЖ департаменті, Апаттар медицинасы орталығы, «ҚазмұнайТеңіз» МӨҚҚ, «ҚТЖ» ҰҚ АҚ 30 адамнан тұратын күштер мен құралдар, 7 бірлік техника және 1 бірлік өрт пойызы жіберілді. Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылды. Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алды. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болды. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілд,- делінген хабарламада.


Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі жүк вагонындағы газ баллонының жарылуынан болған. Сағат 07:19-да өрт сөндірілген, жүк вагоны толығымен жанып кеткен.


Қазіргі уақытта Ішкі істер органдарының күші өртенген вагон қоршады, сондай-ақ өрттің себептері мен мән-жайларын анықтау үшін оқиға орнына Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің зерттеу өрт сөндіру зертханасы жіберілді. 


Сағат 09:18-те жолаушылар вагондары Ақтөбе станциясына жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы