Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Азия ойындарында төртінші орынға ие болды

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 125,12 ұпай жинап, жалпы есебі 188,43 ұпай болды.

Алтын медальді оңтүстіккореялық Ким Чхэ Ён жеңіп алды – 219,44. Күміс жүлде жапониялық Каори Сакамотоға бұйырды – 211,90. Қола жүлдені оның командаласы Хана Ёшида иеленді – 205,20.

Қазақстандық София Фарафонова жарысты 10-орынмен аяқтады – 125,27 ұпай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сали Сабиров/ ҰОК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы