Бүгiн 2026, 08:54 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады

Еркін бағдарламада Софья 120,58 ұпай жинап, жалпы есепте 187,53 ұпаймен жарысты 12-орынмен аяқтады.

Прагада (Чехия) өткен әлем чемпионатының әйелдер арасындағы жарысында Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған, деп хабарлайды BAQ.KZҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркін бағдарламада Софья 120,58 ұпай жинап, жалпы есепте 187,53 ұпаймен жарысты 12-орынмен аяқтады.

Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото иеленді (238,28 ұпай), екінші орынға тағы бір жапониялық Моне Чиба (228,47 ұпай), ал үздік үштікті бельгиялық Нина Пинцарроне (215,20 ұпай) түйіндеді.