Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогы мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан кубогы мәресіне жетті.
Бұл туралы prosports.kz хабарлады.
Беделді бәсекеде еліміздің Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары және Қызылорда, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облыстарынан 63 спортшы бақ сынады. Салтанатты шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық конькимен жүгіру федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Андрей Линник, «Абзал және К» толық серіктестік директоры, облыстық коньки тебу федерациясының президенті Мағжан Ералиев, Элизабет Тұрсынбаева қорының президенті Байтақ Тұрсынбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегіше:
Қыздардан I спорттық разряд бойынша:
1. Павленко Ирина (Шымкент)
2. Буктукова Альбина (Алматы)
3. Татамбай Жансая (Қарағанды облысы).
Ұлдардан I спорттық разряд бойынша:
1. Бердібаев Кенан (Шымкент)
2. Зябрев Егор (Шымкент)
3. Мельник Юрий (Қарағанды облысы)
Жасөспірім қыздар:
1. Коваленко София (Шымкент)
2 . Халимова Алика (Шымкент)
3. Гаврилова Дарья (Қарағанды облысы)
Жасөспірім ұлдар:
1. Мельников Олег (Шымкент)
2. Кривощеев Никита (Қарағанды облысы)
3. Смагулов Артур (Қызылорда)
Әйелдер арасында:
1. Рязанова Злата (Нұр-Сұлтан)
2. Баяндина Дильназ (Нұр-Сұлтан)
3. Насырова Сабина (Алматы)
Ерлер арасында:
1. Панихин Артур (Батыс Қазақстан облысы)
2. Волков Елисей (Алматы)
3. Карпухин Дмитрий (Қарағанды облысы).