Мәнерлеп сырғанау: Софья Самоделкина Жапонияда күміс жүлдеге ие болды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Қысқа бағдарламада Софья уақытша екінші орынға орналасқан еді. Нәтижесінде ол өз орнын сақтап қалды.
Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 132,25 ұпай жинап, үшінші нәтиже көрсетті.
Жалпы есепте 200 ұпай жинаған Самоделкина турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Ол тек жапониялық Каори Сакамотоға (227,18 ұпай) ғана жол берді. Үшінші орын Бельгия спортшысы Луна Хендрикске бұйырды - 198,97 ұпай.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы