Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында алтын алды

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Қазақстан командасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Астанада өтіп жатқан Денис Тен мемориалында топ жарып, алтын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Спортшы бірінші орын алып қана қоймай, сондай-ақ қысқа бағдарламада 95,50 ұпай жинап, жеке рекордқа қол жеткізді.

Шайдоров еркін бағдарламаны орындау кезінде төрешілерден 166,83 ұпай алды. Жалпы есеппен ол 262,33 балл жинаған.

Екінші орынға 246,00 ұпаймен әзербайжандық Литвинцев табан тіреді. Ал қола жүлде Ника Егадзеге (Грузия) бұйырды – 242,43.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы