20 Қыркүйек 2025 2025, 17:12 Фото: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанау: Диас Жиренбаев Олимпиадаға іріктеу турнирінде өнер көрсетті

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қысқа бағдарламада Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғады.

Отандасымыз бұл сайыста 64.92 ұпай жинап, аралық есепте 15-орынға табан тіреді.

Қысқа бағдарламаны бірінші болып ресейлік Петр Гуменник аяқтады. Ол 93.80 ұпай иеленді.