«Манерасына байланысты». Қожаев Риддерде мемлекеттік тілді талап еткендер жайлы

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Риддерде мемлекеттік қызметшілерден қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен Диас Құзайыр туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, кеше қоғам белсенділері Диас Құзайыров, Әділжан Абдіғалиев пен Әділ Юсуповтың үстінен Риддер шенеуніктері қылмыстық іс қозғады.

Олар Риддерге барған. Өткізген іс-шаралары бойынша, қылмыстық іс тіркелді. Ол қылмыстық істі тіркеудің себебі – сол жердегі азаматтардың арызы. “Құқықтары бұзылды” деп отырған азаматтардың арызы бойынша қозғалған іс. Әлі тергеліп жатыр. Ол іс бойынша арнайы филологиялық, басқа да сараптамалар тағайындалды. Қазір сол сараптамалардың алдын ала тергеудің нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Кінәлері дәлелденсе, анықталса, онда жауапкершілікке тартамыз, – деді Қожаев.

Марат Қожаев іс тергеушінің қарауында дейді. БАҚ өкілі вице-министрге “мемлекеттік қызметкерлерден мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін іс қозғау қаншалықты заңды? Бұлай істі қозғаудың өзі нонсенс деп есептемейміз бе” деген сұрақ қойды.

Мен олай есептемеймін. Талап әртүрлі болады. Кейбір нәрселер орысша айтқанда “манерасына” байланысты. Қандай да бір істерді көтеріп, қандай адамдардың құқықтарын бұзғанына байланысты (...) Риддердегі азаматтар өздерінің “құқығы бұзылды” деп санап отыр. Іс барысында анықталады, – дейді Қожаев үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы