"Манчестер Юнайтед" күнде келіп жатқан жоқ – "Астана" футболшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Иван Маевский 28 қарашада Еуропа Лигасының топтық раундындағы "Манчестер Юнайтедпен" өтетін матч алдындағы дайындығымен бөлісті. 

Дайындық жоспарлы түрде жүрді. Бұл Қазақстан футболы үшін үлкен мереке. "Манчестер Юнайтед" күнде келіп жатқан жоқ, сол себепті футболшылар алаңда көтеріңкі көңіл-күймен ойнайтын болады, - деді Маевский.

Футболшы қосалқы құрамын әкелген "Манчестер Юнайтедпен" өтетін ойында "Астана" клубы фаворит болуы мүмкін бе деген журналист сауалына жауап берді.

Қарсыласқа қарамастан алаңда өзіңнің үздік қасиеттеріңді көрсетуің керек. Бізге қарсы ойнайтын футболшылар "Манчестер Юнайтед" құрамында болса, олар талантты және клуб үшін ойнауға лайық екендерін дәлелдеуге тырысады. Кімнің фаворит екенін футбол алаңында көретін боламыз, - деді ол.

Ол ертеңгі ойынға ауа райы әсер ете қоймайтынын себебі стадионның төбесі жабық және стадион жанкүйерге лық толы болатынын айтты. 

Ал Марин Томасовтың жоқтығы команда үшін мәселе болмайтынын, оны алмастыратын футболшылар барын жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы