Мамытбеков мал басын асылдандыру үшін қандай шаралар атқарылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан ет одағының басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков Ірі қара мал өсірудің ортақ нарығын дамыту Еуразиялық ет одағының отырысында елде мал басын асылдандырудың проблемалары мен осы бағытта атқарылған жұмыстар жайында сөз қозғады.
Оның айтуынша, кеңестік кезеңнен кейін мал әркімнің қолында кетіп, генетикалық тұрғыдан құлдырады. Елде етті мал шаруашлығының дамуына осы факторлар әсер етті. Мал саны бар, бірақ сапасы төмен болғандықтан сыртқа сата алмайтын деңгейге жетті.
2010 жылдан бастап бұқа көбейтіп, тауарлы төл басы генетикасын жақсарту мақсатында біз елге 60 мың ұрғашы малды сырттан әкелдік. Бірақ осы жұмысқа дейін біз тұқымды асылдандыру ісін қайта реттеуге кірістік.
Осыған дейін асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекциялар жұмыс істеген, оның сапасын бақылаумен айналысқан шамамен 2600 инспектор болды. Асыл тұқымды мал статусы төлді өндіріп, мемлекеттен субсидия алып, асыл тұқымды мал шаруашылығын жүргізетін қожалықтар мен зауыттарға берілді. Бұл жұмыс жоспарлы экномикада тиімділігін көрсетті, бірақ нарықтық экономикада бизнесті осындай советтік әдістемемен жүргізу бірден істен шыға бастады, - дейді ол.
Оның айтуынша, ешкім асылдандыру, селекциялық жұмыс, генетиканы жақсартуға мән бермеді, соның салдарынан елде сойылған малдың орташа салмағы 154 келіні ғана құрады.
Біздің реформа «асыл тұқымды» деген статусты қожалықтарға емес, малдың өзіне қойылғанын көздеді, осы ретте бұл статусты мемлекеттік органдар емес, өзін-өзі реттейтін ұйымдар – палаталар тағайындайды. Палатаны сыбайластықпен сатып алу мүмкін емес, өйткені осындай ұйымдар арасында бәсекелестік бар. Асыл тұқымды мал шаруашылығын жүргізетін қожалықтарға субсидия бөлу тоқтатылды да осы қаражатты сатып алушыларға бағдарланды. Белгілі бір өңірге байланыстыру алынып тасталды. Бағалар реттелмеді, ал субсидияны сатып алушы ала бастады. Нарықтық механизмдер саланы өз ықтиярына реттеп алды, - дейді ол.
Оның сөзінше, қазіргі кезде әр төл түрі, әр тұқым бойынша палаталар жұмыс істейді.
Олардың жеке бонитерлері, инспекторлары бар және асыл тұқымдылыққа жатқызатын сертификаттар да береді. Егер палата ішінде әлде біреу келісімді бұзатын болса, онда бұл жағдай мал тұқымына залал келтіріп, бизнеске өз серіктестері алдында кедергі келтіреді. Мұндағы басты жазалау – палата мүшелігінен шығару, - деді ол.
Асылжан Мамытбековтың мәліметіне сүйенсек, нәтижесінде генетика жақсарды, популяция артты: Қазбел – 100 мыңнан – 500 мың басқа дейін, Ангус – 30-дан 100 мың басқа дейін көбейді. Ал шаруаларды қалай ынталандыру үшін «Сыбаға» бағдарламасын әзірледік және жеңілдетілген несие беріле бастады.
Sybaga.kz ақпараттық жүйесінде онлайн режимде 3 554314 бас ірі қара ұрғашы малы тіркелгені көрсетілген, соның ішінде 1573167 бас тұқымды асылдандыру бағдарламасына жұмылдырылған.