Еділ Мамытбеков: Әлеуметтік сала – басты назарда
Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының мерейтойлық XVIII съезінде партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Осыған орай Сенат депутаты Еділ Мамытбеков партияның алға қойған бағдарламалық мақсаттарына тоқталды.
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев партияның алдында тұрған 10 міндетті белгіледі. Алдағы он жылға дамудың басты бағыты әлеуметтік жаңғыруға бағытталады.
«Елбасы жария еткен басты идея партияның бағдарламасы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрғындардың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру болып табылады. Атқарушы органдардың назарынан тыс қалған әлеуметтік саладағы негізгі мәселелер атап өтілді. Мемлекет басшысы экономиканы жеткілікті түрде қаржыландырмаған ақша-несие саясатындағы жеке мәселелерге тоқталды. Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін, ең алдымен экономиканың деңгейі артуы тиіс. Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жастарға, денсаулық сақтау мен білім беру салаларына қатысты мәселелер айтылды. Осыған байланысты Президент әлеуметтік саланы жаңғырту үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді» - дейді сенатор.
Одан басқа, Елбасы кедейлік шегін қайта қарау қажеттілігіне тоқталды.
«Атап айтқанда, 340 мың тұрғын үшін арнайы әлеуметтік көмек беру пысықталды, соның ішінде көпбалалы отбасыларға да берілетін болады. Бұл ретте, Үкіметке тұрғындарға берілетін әлеуметтік көмектің шарттарын қайта қарау тапсырылды. Экономиканың өсуіне серпін беретін шағын және орта бизнесті несиемен қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді. 2030 жылға дейін шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі 40 пайызға дейін артуы қажет және бұл өте маңызды міндет» - дейді Еділ Мамытбеков.
Елбасының партия съезінде қойған басты міндеті әлеуметтік мәселелерді шешу болатын.
«Бұған баса назар аударылып, тиісті тапсырмалар берілді. Қазақстан саясатының басты мақсаты әлеуметтік бағдар екені айтылды. Осы орайда, әлеуметтік бағдарламаларды шешуге республикалық бюджеттің 45 пайызынан астам қаржысы бөлінетін болады» - дейді ол.