+22

Мамыр айында 137,9 мың көлік құралы есепке қойылды

Мамыр айында 137,9 мың көлік құралы есепке қойылды

2024 жылғы мамырда есепке 137,9 мың бірлік1 автокөлік құралдары қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% кеміді, оның ішінде жеңіл автомобильдер 15,2%-ға кеміді, жүк автомобильдері 4,5%-ға кеміді және автобустар 3,3%-ға кеміді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5473,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88%-ды жеңіл автомобильдер, 9,9%-ды жүк автомобильдері және 2,1%-ды автобустар.

2024 жылғы мамырда есепке 137,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 14,4% кеміді, оның ішінде тіркелген автобустар саны 3,3%, жеңіл автомобильдерде 15,2% және жүк автомобильдері 4,5% төмендеді.

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

Осылайша 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 473,7 мың бірлікті құрады, оның 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк және 2,1% – автобустар.

Көліктердің басым көпшілігі, атап айтқанда 81,9%, бензинмен жүреді, тағы 7,1% дизельмен жүреді. Экологиялық артықшылықтарға қарамастан, автомобильдердің тек 0,2%-ы газбен, тағы соншасы электр қуатымен жұмыс істейді. Бензин мен басқа отын түрімен аралас автомобильдердің үлесі – 7,5%.

Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл автомобильдер саны 3229-дан 9906 бірлікке дейін 3,1 есе өсті. Электромобильдердің ең көп саны Алматы қ. – 5809 бірлік, Астана қ. – 1252 бірлік және Алматы облысында – 466 бірлік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәди Искаков - Архив
Өзгелердің жаңалығы